Омбудсменнің Маңғыстау облысы бойынша өкілі А.Кужиев гендерлік теңдік және көшбасшылық мәселелері бойынша семинарға қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

19 наурыз күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Маңғыстау облысы бойынша өкілі Қужиев А. Маңғыстау облысында «Гендерлік тепе-теңдік жағдайындағы көшбасшылық» тақырыбында өткен семинарқа қатысты.

Іс-шараға Маңғыстау облысы әкімдігінің өкілдері, қоғам қайраткерлері, сарапшылар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен тұратын кең ауқымды қатысушылар жиналды.

Семинар барысында қоғамда гендерлік теңдікті ілгерілетуге байланысты негізгі мәселелер талқыланды. Қатысушылар саясат, экономика және әлеуметтік салаларда ерлер мен әйелдер үшін тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз ету тетіктерін қарастырды.

Сонымен қатар, кездесуде кемсітушіліктің алдын алу, әйел-көшбасшыларды қолдау және әр азаматтың жынысына қарамастан көшбасшылық әлеуетін ашуға ықпал ететін инклюзивті орта құру мәселелері талқыланды.

Осындай іс-шаралар теңдік пен әділеттілік құндылықтарын ілгерілетуде маңызды рөл атқарады, сондай-ақ қоғамда тең мүмкіндіктерді қалыптастыруға бағытталған нақты шешімдерді әзірлеуге ықпал етеді.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-mangystau-oblysy/press/news/details/960869?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді