Павлодар облысында Селеті өзенінде жарылыс жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 Су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Селеті өзенінде мұз кептелісін болдырмау мақсатында мұзды жару жұмыстарын жүргізді. 

Жұмыстар су қоймаларында мұз кептелістерінің пайда болуын болдырмауға бағытталған, бұл көктемгі кезең су деңгейінің жоғарылауына және соның салдарынан елді мекендердің су басуына әкелуі мүмкін.

Бұл өзен үш облыстың аумағында ағып өтеді: Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан. Өзенде жарылыстар жүргізу кезінде өткізу қабілеті артады, бұл өзен арнасы Шолақсор ауылын өтіп, су басу қаупін азайтуға ықпал ететін болады.

Жұмыстар өзеннің тарылуының төрт учаскесінде жалпы ауданы 1154 шаршы метр аумақта жүргізілді. 144 кг жарылғыш зат пайдаланылды.

Қазіргі уақытта осы өзенде құтқарушылардың жедел тобы мұзды кезеңінде оны әлсірету мақсатында мұзды ұсақтау және кесу бойынша іс-шараларды жүзеге асыруда.

Бұл іс-шаралар көктемгі су тасқыны қаупін азайтуға бағытталған.

Жарылыс жұмыстары облыс әкімі бекіткен инженерлік жұмыстар жоспарына сәйкес жүргізілді. Оны әзірлеу кезінде өткен жылдардағы су тасқынына жүргізілген талдау, климаттық болжамдар, сондай-ақ өңір аймағының ерекшеліктері ескерілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/961659?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді