Полиция көші-қон заңын бұзған шетел азаматтарды анықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Түркістан облысы Полиция департаменті Көші-қон қызметінің қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шара аясында көші-қон заңнамасын бұзудың 659 дерегін анықтады. Оның ішінде 459-ы шетел азаматы және оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, жиналған материалдар сотқа жіберілді. Нәтижесінде сот шешімімен 213құқық бұзушы елден шығарылды.
Мәселен тәртіп сақшылары облыс орталығы мекемелерінің бірінде заңсыз жұмыс жасаған Африка құрлығының тұрғынын анықтады. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырып,
материалдар сотқа жолданды. Сот шешімімен шетелдік азамат елден шығарылды.
Полицейлер атап өткендей, “Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасы қоғамдық тәртіпті сақтау, көші-қон заңнамасын бұзу, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналарымен басқа да құқық бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында өткізілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/960883?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді