
Жетісу ауданының №87 мектебінің оқушылары «Таза Қазақстан» акциясы аясында Көкмайса саябағында құстарға арналған ұяларды орнатты.
Айта кетерлігі, бұл құстардың ұялары оқушылардың өз қолымен жасалған. Балалар өз ісімен табиғатты қорғаудың, ауданның биоалуантүрлілігін сақтаудың және өсіп келе жатқан ұрпақтың экологиялық санасын дамытудың маңыздылығын көрсетті.
Жарайсыңдар, балалар! Біз сендермен мақтанамыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-zhetysu/press/news/details/960386?lang=kk

Жауап қалдыру