
⚜️Мейірім мен берекеге толы қасиетті Рамазан айы басталғалы Қарақия ауданындағы мешіттерде күн сайын сауапты істер ұйымдастырылуда. Осы игі дәстүрдің жалғасы ретінде 18 наурыз күні Жетібай ауылында ауызашар өтті.
⚜️Ауызашар Қарақия ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Жетібай ауылындағы Сүйінғара Үргенішбайұлы атындағы орталық мешітте өтті. Шараға ауыл ақсақалдары, имандылық жолын ұстанған жастар және жамағат қатысты.
⚜️Рухани құндылықтарды дәріптеп, тұрғындардың ауызбіршілігін арттыруға атсалысқан барша азаматтарға алғысымызды білдіреміз.
⚜️Айта кетейік, бұл игі шара 19 наурыз күні Қарақия аудандық орталық мешітінде жалғасын табады.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/960395?lang=kk

Жауап қалдыру