
Қараспан ауыл округінде халықпен кездесу өтті
Тұрғындар табиғи газ жүргізу, көше жарығын орнату, сондай-ақ “З.Исабеков” жалпы орта мектебіне дейін аяқ жол салу мәселесін көтерді. Сонымен қатар, мектепке дейінгі жолды жарықтандыру, Қараспан пан ауылындағы стадионға төрт бағана орнату қажеттігі айтылды. Жаңадан салынып жатқан Қазанарық каналына қатысты да сұрақтар қойылып, Жаңатұрмыс ауылынан мал суаратын арнайы орын жасау ұсынылды.
Мәслихат төрағасы Бақдәулет Құрманбекұлы көтерілген мәселелердің маңыздылығын атап өтіп, олардың шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді. Ол бұл мәселелерді тиісті атқарушы органдармен бірлесе отырып шешу үшін жұмыс жасайтынын айтты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ordabasy-maslihat/press/news/details/959857?lang=kk

Жауап қалдыру