
Бүгін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде Францияның ең ірі электр энергиясын өндіруші компаниясы және әлемдегі ең ірі атом электр станцияларының операторы – EDF компаниясымен кездесу өтті.
Кездесу Қазақстанда АЭС салу үшін жеткізушіні немесе консорциумды таңдауға бағытталған бәсекелестік диалог аясында әлеуетті ядролық технология жеткізушілерінің ұсыныстарын бағалауға арналған келіссөздер сериясының бір бөлігі болды.
EDF компаниясы ең жоғары қауіпсіздік стандарттарына негізделген мол тәжірибесін ескере отырып, Қазақстанмен ұзақ мерзімді серіктестікті дамытуға дайын екенін атап өтті.
Айта кетейік, бәсекелестік диалог – елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сенімді серіктес пен тиімді технологияны таңдаудағы маңызды кезеңдердің бірі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/960661?lang=kk

Жауап қалдыру