Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігінде Қазақстан Елшісі Тимур Жақсылықовтың Беларусьтегі қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесуі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Минск, 2025 жылғы 18 наурыз – Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігінде Қазақстан Елшісі Тимур Жақсылықовтың Беларусьтегі қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесуі өтті.

Т.Жақсылықов қатысушыларды алдағы Наурыз мерекесімен және мыңжылдықтардан бастау алған қазақ халқының мәдени мұрасы – Наурызнаманың онкүндігімен құттықтады.

Бұл тұрғыда Беларусь жеріндегі мәдениеттің, дәстүрдің және тілдің маңызды жолсерігі болып табылатын Беларусь жеріндегі қазақ диаспорасының рөлін атап өтті. Елшілік диаспораның түрлі мәдени іс-шараларды, дөңгелек үстелдерді және т.б. өткізуге белсенді қатысуына мүдделілігін жеткізді.

Елші «Отандастар» Қоры осы жылдың наурыз айынан бастап шетелдегі отандастар үшін қазақ тілінің онлайн курстарын ұйымдастырғанын хабарлады. Сондай-ақ, қазақ тілін өз бетінше үйренуге арналған «Абай институты» мобильді қосымшасы жұмыс жасайтыны, Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсуге, сондай-ақ мектеп бағдарламасын онлайн зерделеуге ниет білдірушілер үшін «Bilimland» платформасында тіркелу жалғасып жатқаны жеткізілді.

Т.Жақсылықов Елшіліктің 2025 жылы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына, Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына, Иса Байзақовтың 125 жылдығына, Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына және т.б. арналған маңызды іс-шаралары туралы хабардар етті.

Өз кезегінде диаспора өкілдері Қазақстан мен Беларусь арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелерінде Елшілікпен одан әрі сындарлы өзара іс-қимыл жасауға, сондай-ақ болу елінде бірлескен мәдени іс-шараларды өткізуге дайын екендіктерін білдірді.

Т.Жақсылықов өз құзыреті шегінде Елшіліктің Беларусьтегі қазақ диаспорасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-minsk/press/news/details/960361?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді