Қоғамдық кеңес отырысы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

18 наурыз күні аудандық қоғамдық кеңес отырысы өткізілді. Күн тәртібінде жоспарға сәйкес аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының 2024 атқарылған жұмыстары туралы есебі тындалды. “Қаратөбе аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №22-4 “2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы” шешіміне өзгерістер енгізу туралы” және “2024 жылға арналған аудан бюджетінің орындалуы туралы” шешім жобаларымен аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Б.Нұрмағамбетов таныстырды. Сонымен қатар, “Қаратөбе ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәлеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы” 2023 жылғы 15 тамыздағы №129 қаулысына өзгерістер енгізу туралы” қаулы жобасымен аудан әкімі аппаратының басшысы Д.Жәнібеков таныстырды. Күн тәртібіндегі мәселелер тындалып, талқыланып, бірауыздан мақұлданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karatobe-maslihat/press/news/details/960029?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді