
Мерекелік іс-шараны ашқан Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев барша Әділет органдарының қызметкерлерін ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтады.
Әділет министрі Наурыз мерекесіні халқымызды береке-бірлік пен ортақ мүддеге жұмылдырып, ұлтымыздың мерейін өсіріп, елдік болмысымызды айшықтайтынын атап өтті.
Шарада Әділет органдарына елеулі үлес қосып, адал қызмет атқарған қызметкерлер министрдің алғыс хаттарымен марапатталды.
Сондай-ақ мерекелік шара барысында қазақтың ұлттық тағамдары мен салт-дәстүрлерінен көріністер көрсетіліп, концерттік бағдарлама ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/961804?lang=kk

Жауап қалдыру