ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов азаматтарды қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Үкіметтің Азаматтарды қабылдау орталығында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов азаматтарды жеке қабылдады. Кездесу барысында тұрғын үй саясатына және елдің әртүрлі өңірлеріндегі азаматтардың өзекті мәселелеріне қатысты маңызды сұрақтар көтерілді.

Қабылдау кезінде «Бақытты Отбасы» бағдарламасына қатысты мәселелер қозғалды — көпбалалы аналар бірнеше жылдан бері кездесіп келе жатқан қиындықтарын жеткізді. Қатысушылардың бірі — батыр ана әрі жалғызбасты ана — баспананы жекешелендіруге көмек көрсетуді сұрады. Сондай-ақ, «Олжас» шаруа қожалығының өкілі су тасқынынан келген мүліктік шығын мәселесін көтерді. Бұдан бөлек, азаматтар тұрғын үй кезегін қалпына келтіру және оны қайта қарау мәселесін қозғады.

Вице-министр азаматтардың барлық өтініштерін тыңдап, қолданыстағы заңнама аясында мүмкін шешу жолдары бойынша түсініктеме берді. Әрбір өтініш бойынша салалық құрылымдық бөлімшелерге нақты тапсырмалар беріліп, бірқатар мәселелер вице-министрдің жеке бақылауына алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/961854?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді