ҚҰЛАНӨТПЕС, НЫҒЫМАН, АҚТҮБЕК АУЫЛДАРЫНДА КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ТЕКСЕРІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудан әкімі Бақытжан Мұқанов Теңіз өңіріндегі Құланөтпес, Нығыман және Ақтүбек ауылдарына барып, ағымдағы жылғы су тасқынына дайындықты тексерді.

Сапар барысында елді мекендердегі су өткізгіш құбырларды тазалау, қарды тазалау және шығару жұмыстарына ерекше назар аударылып, төтенше жағдайларға жедел ден қою мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, аудан әкімі ауа-райының күрт жылынуына байланысты барлық құрылымдар тәулік бойы хабарда болуын тапсырды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда және қатаң бақылауда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk/press/news/details/959889?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді