Қытайлық Shandong You bioTechnology компаниясының өкілдерімен кездесу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Талдықорған қаласында “ZHETYSU INVESTT” компаниясының басшылығының атынан директордың орынбасары Ерхан Ерханұлы Атамқұлов Қытайлық Shandong youbio Technology компаниясының өкілдерімен кездесті.

💡 Кездесу барысында жобаны іске асыру үшін әлеуетті жер учаскелері — фосфогипстің өнеркәсіптік қалдықтары негізінде биомелиорант өндіретін ақылды зауыт салу ұсынылды. Қазақстанда теңдесі жоқ бұл жоба өңірді дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес болады.

Сонымен қатар, “ZHETYSU INVESTT” келесі бағыттарда қолдау көрсетуді жалғастырады:
📌 Құрылыс үшін ең қолайлы аумақтарды анықтау;
📌 Жоба үшін жер учаскелерін бөлу процесіне жәрдемдесу.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-industrial/press/news/details/960460?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді