
«Дарынды балаларға – талантты педагог» педагогикалық олимпиаданың республикалық кезеңінде инновациялық педагогикалық жобалар бойынша өз тәжірибелерін 5 жылға дейінгі жұмыс өтілі бар өңір мектептерінің 8 жас педагогтері, олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары, оның ішінде Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 4 педагогтері ұсынды. Олимпиада Алматы қаласындағы Ш. Уәлиханов атындағы мектепте өтті. Ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы.
Олимпиада қорытындысы бойынша ІІ дәрежелі дипломдарды 3 павлодарлық қатысушы алды, оның ішінде Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 2 қатысушысы – Анжелика Дударева, М.Әуезов атындағы мектептің география пәнінің мұғалімі, Даниял Бакен, № 41 мектептің география пәнінің мұғалімі.
Олимпиада сертификаттарын Қ. Мақпалеев атындағы мектептің ағылшын тілі мұғалімі Нариман Бимурза, № 41 мектептің тарих пәнінің мұғалімі Нияз Ауталипов алды.
– Байқау жарқын әсер қалдырды – бұл жоғары бәсекелестік, кәсіби тәжірибе алмасу және одан әрі өсу үшін шабыт, – дейді Анжелика.
– Мен үшін олимпиадаға қатысу кәсіби даму алаңына айналды. Бұл байқау өз идеяларын көрсетіп қана қоймай, еліміздің түкпір – түкпірінен келген басқа педагогтермен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді, – дейді Даниял.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/961271?lang=kk

Жауап қалдыру