
Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні- Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз адам баласын ізгілік пен сыйластыққа, бауырмалдық пен достыққа тәрбиелейтін ізгі мереке.
Ұлыстың ұлы күні елімізге ырыс-береке, молшылық ала келсін. Халқымыздың ынтымақ-бірлігі арта берсін. Баршаңызға мықты денсаулық, татулық, әр шаңыраққа құт-береке тілеймін. Өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жолында абыройлы істеріңізге табыс тілеймін! Шәкірттеріңіз биік шыңдардан көрініп, еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Әз-Наурыз құтты болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-terenkol/press/news/details/961681?lang=kk

Жауап қалдыру