
«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мақсатында Қарағанды облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ағарту пулы спикері, Қазақстан Педагогика ғылымдары академиясының мүшесі – Б.Ахметова Жолаушылар тасымалы АҚ «Солтүстік» жолаушылар Тасымалы жөніндегі аймақтық филиалының Қарағанды телімі басшылығы және қызметкерлерімен кездесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда атқарылып жатқан шаралар, ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер және Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін тұлғаларды көтермелеу қағидалары туралы ақпарат берілді.
Сондай-ақ, Ботагөз Ахметова жолаушылар тасымалы филиалы қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамаудың жауапкершілігі, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі бағыттарын таныстырып, 1424 Агенттік колл-орталығы жайында ақпарат берді.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
#Жауапкершілік

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-karaganda/press/news/details/960279?lang=kk

Жауап қалдыру