Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елордалық ТЖД өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Бақылау-қадағалау қызметін іске асыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтай отырып, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау мәселелеріне басты назар аударылды.  

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтаудың, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде талаптарды сақтаудың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жұмысы шеңберінде азаматтардың құқықтарын құрметтеу мен әділдік қағидаттарын сақтауға бағытталған мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің маңыздылығын атап өтті.

Жиынды қорытындылай келе, Елухан Баймулдинов сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жоғары стандарттары мен қағидаттарын одан әрі сақтаудың маңыздылығын атап өтті, бұл азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға және жұмыс сапасын арттыруға ықпал етеді.

 

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-astana/press/news/details/960419?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді