
Іс-шара жастарды қоғамдық орындарда тәртіпке, жауапкершілікке және мәдени мінез-құлыққа шақыру мақсатында ұйымдастырылды. Жас ұрпақтың қоғамдағы рөлін түсінуі, үйлесімді және қауіпсіз ортаны құруға ықпал ететін заңды сақтауы маңызды.
Кездесуге Департамент басшысының бірінші орынбасары Ж. Хамитов, Превенция басқармасының басшысы Қ. Абишев және Сәтбаев қалалық мәслихат депутаты Д. Сейтпеков қатысты.
«Заң және тәртіп» қағидаты аясында студенттерге заңнаманың талаптары, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары, сондай-ақ азаматтық жауапкершілік мәселелері түсіндірілді. Заңда белгіленген нормалар мен стандарттарды сақтау қажеттілігіне және қоғамның табысты жұмыс істеуінің кепілі ретінде құқықтық тәртіпті сақтаудың маңыздылығына баса назар аударылды.
Кездесу соңында студенттер сұрақтар қоюға және пайдалы ұсыныстар алуға мүмкіндік алды, бұл заңға бағынатын және жауапты ұрпақты қалыптастыру жолындағы кезекті қадам болды.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-ulytau/press/news/details/960033?lang=kk

Жауап қалдыру