«Тәртіпті өзіңнен баста!» акциясы Ұлытауда: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жезқазған қаласының тау-кен металлургия колледжінде кездесу өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

   Іс-шараның мақсаты- жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында адалдық пен әдептілікті насихаттау.
   Кездесу барысында Департамент басшысының бірінші орынбасары Ж. Хамитов сыбайлас жемқорлықтың қоғамға зияны және оның алдын алуға бағытталған шаралар туралы айтты. Ол сонымен бірге студенттермен ашық диалог жүргізіп, олардың пікірлерін тыңдады.
   Пара бергені және алғаны үшін, сондай-ақ басқа да сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін құқықтық салдардың нақты мысалдары келтірілді.
   Қатысушыларға бейнероликтер көрсетілді, содан кейін олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысты сұрақтарға жауап берді.  Студенттер өз пікірлерімен бөлісті, қойылған сұрақтарға толық жауаптар алды.
   Іс-шара соңында барлық қатысушылар сыбайлас жемқорлықпен белсенді күресуге және әділеттілік қағидаттарын ұстануға шақырылды.

 

#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-ulytau/press/news/details/961644?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді