
Ағымдағы жылдың 19 наурызында жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды қалыптастыру мақсатында «Заң мен тәртіп: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» тақырыбында С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде дәріс өткізілді.
Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және оның бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды қалыптастыру үшін Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Превенция басқармасының офицері Төлеби Сәдуов дәріс өткізді.
Ерекше назар қазіргі қоғамдағы адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарының маңызына аударылды.
Кездесу соңында студенттерге университеттегі комплаенс-офицердің қызметі туралы айтылып, сыбайлас жемқорлық көріністері байқалған кезде көмек сұрау қажеттігі туралы еске салынды.
# Заң_мен_ тәртіп
# Заң мен тәртіп
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/960865?lang=kk

Жауап қалдыру