
«Тәртіпті өзіңнен баста!»: осындай ұранмен ағымдағы жылдың 17 наурызында Жетісу облысының №25 және №13 мектептерінде оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеуге бағытталған дәрістер өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілі Гүлмира Валиева оқушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ әркімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жеке жауапкершілігі туралы айтып берді. Оқушылар адалдық пен парасаттылық қоғамды қалай жақсы жаққа өзгерте алатынын және сыбайлас жемқорлық неге жаман екенін білді.
Дәріс соңында оларға Антикордың 1424 жедел желісі туралы еске салынып, сыбайлас жемқорлықтың салдарын көрсететін бейнеролик көрсетілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-zhetisu-oblysy/press/news/details/959984?lang=kk

Жауап қалдыру