Талдықорғанда ұлттық киімдерінің этно-дефилесі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Наурызнаманың тұжырымдамасы бойынша 18 наурыз Ұлттық киім күні. Осыған орай, бүгін Талдықорған қаласының орталық алаңында 22 әр ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерінің этно-дефилесі өтті.

Ұлттық киім күні – киім үлгісі арқылы әр адамға өз даралығын білдіруге, сонымен қатар Қазақстанның бірлігі мен мәдени әр алуандығын танытуға мүмкіндік береді.

Бұл айтулы күні біз әрбір қазақстандықты өз мәдениеті мен ұлттық бірегейлігін мақтан тұтуға, ата-бабаларымызға құрмет көрсетуге және озық дәстүрлерімізді қазіргі заманға жалғауға шақырамыз.

Шара барысында қала әкімі Ернат Бәзіл 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Жетісудың атағын әлемге танытқан аламаншы-құрақшыларға ЮНЕСКО-ның сертификаттарын табыс етті. Қатарында еліміздегі ең қарт аламаншы-құрақшы Талдықорған қаласының тұрғыны Тұмарбала Сәлекеева да бар.

Мерекелік шара қала өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Айта кетейік, биылғы жылы қаланы Наурыз мейрамына орай безендіру және әрлеу жұмыстарына айрықша мән беріліп, орталық алаң ұлттық нақышта көмкерілді. Бұл безендіру тұрғындардың көңілінен шығып, мерекелік атмосфераны одан әрі көтерді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-taldykorgan/press/news/details/960389?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді