
Президентіміздің тапсырмасымен Наурыз мерекесін тойлаудың онкүндігі бекітілген болатын. Осыған орай Ескелді ауылдық округінде 14 Наурыздан бастап күн сайын түрлі форматтағы іс-шаралар өтіп жатыр. Соның бірі де бірегейі 19- наурыз күні өткен «Төрлет, Наурыз төріме!» атты мерекелік шара. Наурыз – жыл басы, күн мен түннің теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін уақыт, айтулы мереке. Ауылдық Мәдениет үйінде мерекелік дастархан жайылса, өнер адамдары әннен шашу шашып, би билеп, мерекенің көркін қыздырды. Концерттік бағдарламадан соң округ әкімінің құттықтауы мен «Ең үздік ұлттық киім» номинациясының жеңімпаздарын мараппаттау рәсімі өтсе, округтің спорт кешенінде жастар мен ересектер арасында спорттық жарыстар өткізілді. Әжелеріміз кимешек, ерлер жағы оюлы шапан киіп, мәз мейрам. Барлығының тілегі бір – елдің амандығы. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eskeldi/press/news/details/961199?lang=kk

Жауап қалдыру