
Ұлттық музейде «Мұрадағы өрнектер: Өзбекстанның кесте және тігін дәстүрлеріне саяхат» атты халықаралық көрме ашылды.
Экспозицияда Өзбекстанның 6 жетекші музейі қорынан 122 бірегей қолөнер туындысы ұсынылды:
– Өзбекстанның Қолданбалы өнер мемлекеттік музейі;
– Тимуридтер тарихының мемлекеттік музейі;
– Самарқанд мемлекеттік музей-қорығы;
– Өзбекстан мемлекеттік өнер музейі;
– И.В. Савицкий атындағы Қарақалпақстан мемлекеттік өнер музейі;
– Бұхара мемлекеттік музей-қорығы.
Көрмеге XIX-XX ғғ. тиесілі алтын жіппен кестеленген ұлттық киім үлгілері, зергерлік бұйымдар, дәстүрлі аяқ киім мен аксессуарлардың бірегей үлгілері қойылды.
Бұл өнер туындылары – қолдан жасалған жауһарлар ғана емес, сонымен қатар Орталық Азияның мәдени мұрасын бейнелейтін терең символизмнің көрінісі.
«Бұл көрменің бірегейлігі – Өзбекстанның жетекші музейлерінің баға жетпес жәдігерлерімен танысуға мүмкіндік беруінде. Осындай маңызды шараны ұйымдастырған әріптестерімізге шынайы алғысымызды білдіреміз. Мұндай іс-шаралар мәдени байланыстарды нығайтып, халықтар арасындағы достықты тереңдетуге зор үлес қосады», – деп атап өтті ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов.
Көрме 2025 жылдың 1 маусымына дейін көпшілік назарына ұсынылады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/961451?lang=kk

Жауап қалдыру