
2025 жылғы 20 наурызда Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің облыстық департаменті өкілдерімен бірлескен кеңес өтті.
Кеңес барысында 2024 жылы келіп түскен азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштеріне жүргізілген талдау қорытындылары қаралды. Сондай-ақ, әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті қолдану және өтініштерді қарау барысында заңдылықты сақтау мәселелері талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-ulytau/press/news/details/961684?lang=kk

Жауап қалдыру