Велосипедпен қыз қуу және теңге ілу: елордада ерекше іс-шара ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Наурыз мейрамын атап өту және ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғырту мақсатында қалалық спорт басқармасына қарасты №6 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің спортшылары ерекше форматта қыз қуу және теңге ілу ойындарын ұйымдастырды. Бұл жолы дәстүрлі ойындар жаңа сипатқа ие болып, қатысушылар оларды велосипедпен орындады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Көрермендер ұлттық спорттың заманауи үлгісіне куә болып, ерекше әсер алды. Сонымен қатар, мектеп ұжымы халқымыздың бай мұрасын дәріптеу мақсатында беташар, бесікке бөлеу сынды дәстүрлерден көрініс қойды.

«Бүгінгі іс-шараның басты ерекшелігі – дәстүрлі қыз қуу мен теңге ілу ойындарын велосипедпен өткізу. Бұл ұлттық мәдениетіміздің бір бөлшегі болғандықтан, оны заманауи спортпен ұштастырып, жастарға жаңа қырынан таныстыруды мақсат еттік. Наурыз – жаңару мен жаңа бастамалардың мерекесі. Осындай ерекше іс-шаралар арқылы біз ұлттық спортты дамытып, жастардың денсаулығын нығайтуға үлес қосамыз», – дейді №6 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің басшысы Бауыржан Өтегенов.

Айта кетейік, бұл спорт мектебі велоспорттың тау велосипеді (маунтинбайк), тасжолдағы велоспорт және велотрек бағыттары бойынша жас спортшыларды дайындайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/961602?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді