Заң мен тәртіп: БҚО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер облыстық маңызы бар Федоровка – Ақсай автомобиль жолына мониторинг жүргізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Батыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Заң мен тәртіп» іргелі қағидатын нығайту шеңберінде Теректі ауданының Федоровка-Ақсай (51,7-73 км) облыстық маңызы бар автомобиль жолын күрделі жөндеуге мониторинг жүргізді.

Қазіргі уақытта мердігер ұйым қажетті материалдарды дайындаумен айналысуда, жұмыстарды бастау қолайлы ауа-райының басталуымен жоспарланған.

2025 жылы осы жобаны іске асыруға жергілікті бюджеттен 1 000 000,0 мың. теңге сомасы бөлінген. Жөндеумен 4,5 км автомобиль жолын қамту жоспарлануда.

Жобаны іске асырудың негізгі элементі «Заң мен тәртіп» қағидаттарының сақталуын, оның ішінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуды қатаң бақылау болып табылады.

Ол үшін аумақтық департамент жұмысының барлық кезеңдерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер мен қоғам белсенділерінің қатысуымен ұрлыққа жол бермеуге және құрылыстың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырады.

Бұдан басқа, мемлекеттік органдармен тығыз өзара іс-қимыл жүргізіледі, әкімдерге ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпараттық хаттар жіберіледі.

Жұртшылықпен бірлесіп жұмыс барысына қосымша бақылау жүзеге асырылады, бұл жобаның уақтылы аяқталуын және барлық деңгейдегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етуге көмектеседі.

#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП

#ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-bko/press/news/details/959978?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді