Заң мен тәртіп: жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық санасын нығайтуға арналған кездесу Ақмола облысында өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 19 наурызында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша «Заң мен тәртіп» нарративі аясында Көкшетау гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттерімен кездесу ұйымдастырды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментінің бас маманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті нығайту мақсатында «Тәртіпті өзіңнен баста!» білім беру дәрісін өткізді.

Іс – шара барысында спикер оқушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары және сыбайлас жемқорлықтың неліктен проблема екендігі туралы айтып берді.

«Студенттер – ертеңгі күннің көшбасшылары. Сіздер еліміздің болашағын қалыптастырасыздар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы адалдық пен әділдіктің жарқын үлгісін көрсетуге ерекше мүмкіндіктеріңіз бар», – деп атап өтті Бақыт Төребекова.

Іс-шара соңында тыңдаушылар әлеуметтік сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнеролик көріп, Антикор 1424 Call-орталығының жұмысы туралы толығырақ ақпарат алды.

 

#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-aqmola/press/news/details/960526?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді