
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің ұйымдастыруымен Маңғыстау облысы бойынша Қазынашылық департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында семинар өтті.
Семинарға Қазынашылық департаментінің басшысы М. Бұхарбаев және қызметкерлері қатысты.
Іс-шарада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің бас маманы Нұргүл Мұқатай тұрмыстық жемқорлық деген ұғымға кеңінен тоқталып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымдастырылып отырған шаралар туралы айтты.
Бұдан бөлек, кездесу барысында Нұргүл Мұқатай Мемлекет басшысы бекіткен 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелері мен талаптарына тоқталды.
Тұжырымдама зардаптармен күрестен сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі түрде жоюға, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге бағытталған.
Сондай-ақ, шарада спикер сыбайлас жемқорлық қылмастары туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу жөнінде түсіндіріп өтті.
Егер, сізге, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 номеріне хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.
#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП
#ЗАҢменТӘРТІП
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-mangystau/press/news/details/961359?lang=kk

Жауап қалдыру