
А.ж. 19 желтоқсанда «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберінде Батыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесінің отырысында жол инфрақұрылымы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері талқыланды.
Отырысқа БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Превенция басқармасының басшысы Б.Хайруллин, Қоғамдық кеңес мүшелері, қоғам қайраткерлері және БАҚ өкілдері қатысты.
Жол инфрақұрылымын талдау барысында 18 сыбайлас жемқорлық тәуекелі белгіленіп, оларды жою үшін 44 ұсыным ұсынылды.
Негізгі тәуекелдердің бірі автомобиль жолдарын паспортттаудың болмауы болды, бұл құрылыс пен жөндеуді келісілмеген және жүйелік емес жоспарлауға әкеледі.
Сондай-ақ, «Сырым ауданы Қособа ауылының 14-29 км кіреберіс жолын орташа жөндеу» жобасы, оның ішінде орындалмаған жұмыстар үшін ақшалай қаражат төлеу мәселелері талқыланды.
Шарт бойынша 1,058 млрд теңге сомасына мердігерге 948,4 млн теңге аударылды, алайда мониторинг орындалған жұмыстар актілері мен нақты орындалған жұмыстар арасындағы 513,1 млн теңгеге сәйкессіздіктерді көрсетті.
Департаменттің араласуынан кейін бұзушылықтар жойылып, кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Отырыс күн тәртібіндегі екінші маңызды мәселе сыбайлас жемқорлық тәуекелдері Картасына енгізілген объектілерді салу мәселелері болды. 2024 жылы облыстағы 5 проблемалық нысанның 3-нің құрылысы аяқталды.
Өткен жылдың желтоқсан айында ұзақ уақыт бойы салынып жатқан объектілерге талдау жүргізіліп, проблемалық ұзақ құрылыстар тізіміне тағы 2 объект қосылды.
Барлық проблемалық нысандар арнайы бақылауда. Қазіргі уақытта Департамент осы нысандардың құрылысын аяқтау үшін іс-қимыл жоспарын әзірледі.
#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП
#ЗАҢменТӘРТІП
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-bko/press/news/details/961519?lang=kk

Жауап қалдыру