«Жаңа идеялар мен бастамалар»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Долон ауылдық кітапханасында Наурыз мерекесіне орай «Жаңа идеялар мен бастамалар» шығармашылық шеберлік сағаты өтті.  Іс-шара барысында оқушылар танымал ақындардың Наурыз тақырыбындағы өлеңдерін мәнерлеп оқып, сөздің құдіреті мен өлеңнің әсемдігін сезінді. Кітапханашы ою-өрнектердің түрлерімен таныстырып, балаларға оюларды әдемі етіп салуды және қиюды үйретті. Шеберлік сағаты барысында оқушылар өз қолдарымен ұлттық нақышта ою-өрнектер жасап, көктемнің символы – жаңаруды өнер арқылы сезініп, ұлттық мәдениеттің қыр-сырын тереңірек таныды. «Оқушылар жаңа дағдыларды үйреніп, көктемгі жаңаруды сезініп, өздерінің шығармашылық қабілеттерін ашты.

     Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-beskaragay/press/news/details/961967?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді