
Жапониядағы тағылымдама: JICA-ның жобаларды басқарудағы тәжірибесін KazAID зерттеді
1-16 наурызда KazAID өкілдері Жапонияның жобалық басқару, даму мақсатында бағдарламаларды мониторингілеу және бағалау жөніндегі тәжірибесін зерделеу мақсатында Токио қаласында Жапонияның Халықаралық даму агенттігінің (JICA) штаб-пәтерінде тағылымдамадан өтті. ЭЫДҰ стандарттары бойынша жобаларды құрылымдауға көмектесетін PDCA (plan-do-Check-Act) цикліне ерекше назар аударылды.
Жеке секторды дамыту маңызды тақырып болды. KazAID Қазақстан мен Орталық Азиядағы шағын бизнес пен экспортты қолдау үшін OVOP (“One Village One Product”) бағдарламасын бейімдеуді қарастырады.
Сонымен қатар, тағылымдама шеңберінде Нагаока қаласында табиғи апаттар қаупін азайту (Disaster Risk Reduction) бойынша жұмыс саласындағы орталықтың тәжірибесі зерделенді.
Негізгі кездесулер JICA Шығыс, Орталық Азия және Кавказ департаментімен, жеке сектормен жұмыс департаментімен, UNDP аймақтық бюросымен, сондай-ақ JICA Вице-президенттері С.Имото және К. Мацумотомен және Жапония СІМ Халықаралық даму өкілдерімен өтті.
JICA тәжірибесі KazAID-ке жобалардың тиімділігін және халықаралық әріптестікті нығайтуға көмектеседі. JICA-ға тиімді ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/961766?lang=kk

Жауап қалдыру