
Наурыз мерекесі қарсаңында Тастақ станциясында көше жарығы орнатылып, бұл жергілікті тұрғындар үшін көптен күткен қуанышты оқиға болды. Енді көшелер жарықтанып, қараңғы уақытта жүріп-тұру әлдеқайда қауіпсіз әрі жайлы бола түсті.
Бұған дейін азаматтарды қабылдау барысында Тастақ станциясының жастар өкілдері аудан әкіміне көше жарығының жоқтығы мәселесін шешу туралы өтініш білдірген болатын. Сол кезде аудан басшысы қолданыстағы бағаналар мен желілерге техникалық тексеру жүргізіп, бұл мәселені оң шешуді тапсырды.
Нәтижесінде Астық көшесіне 20 заманауи жарық шамдары орнатылды. Жоба төртінші деңгейлі бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылып, жұмыстарды «КИПЭСТ» ЖШС жүзеге асырды.
Тастақ станциясының тұрғындары аудан әкімдігіне, мердігер ұйымға және осы игі іске үлес қосқан барлық азаматтарға шынайы алғыстарын білдіреді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/961983?lang=kk

Жауап қалдыру