Жұмысшы мамандықтары жылы – еңбек адамдарын қолдау уақыты»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 14 наурызында Новоишим аграрлы-техникалық колледжінде аудан мектептерінің оқушыларына арналған «Жұмысшы мамандықтары жылы – еңбек адамдарын қолдау уақыты» атты іс-шара өтті. Іс-шараны ұйымдастырушылар өздерінің алдына келесі міндетті қойды – колледждің кәсіптерімен мамандықтары туралы және оқудан тыс жұмыс аясында өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктері туралы дұрыс түсінік қалыптастыру.

Жиынға Ғ.Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасары Б.А.Сапанов, Ғ.Мүсірепов атындағы мансаптық өсу орталығының директоры Н.И. Темірғалиев, жұмыс беруші Р.А. Мұстафина, аудандық БАҚ қатысты.

Бұл іс шарада қонақтарды тіркеу, фуршет-шай, «Дәнекерлеу ісі мамандығына бастау» алаңы, «Біз таңдаған жол», «Дәмді тағам-бауырсақ» шеберлік сабақтары, трактор жүргізу бойынша шеберлік сабағы, «Дөңгелекті бөлшектеу –құрастыру және теңестіру» тақрыптарынан тұратын бағдарлама қамтылды. Барлық алаңдармен шеберлік сабақтарынан кейін ең белсенді мектеп оқушылары марапатталды. Соңында концерттік бағдарлама ұсынылып, онда колледж студенттері Ұлттық би өнерін, 23 топ студенті Сергейникова Анастасияның өз шығармасының тақпағын ұсынса, қортындысында 31 топ студенті Бойков Даниил “Механизаторлар” әнін орындады.

Новоишим аграрлы-техникалық колледжі студенттеріне еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықты ғана емес, сонымен қатар шығармашылық дамуына кең мүмкіндіктер береді. Колледждің педагогикалық құрамы студенттердің дене, психикалық және моральдық денсаулығын сақтауға қамқорлық жасап, әлеуметтік мәдениеті, азаматтық санасы жоғары және отансүйгіштік сезімі иеленетін үйлесімді тұлғаны тәрбиелеумен айналысады. Іс-шара мерекелік жағдайда өтіп, мектеп оқушыларына жақсы, жағымды әсер қалдырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-uob/press/news/details/960376?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді