
Жыл сайын «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумы өткізіледі.
Форумның мақсаты: еңбек нарығында, Қазақстанның болашақ экономикасында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты табысты таңдау үшін білім алушылардың кәсіптерді зерделеуге шығармашылық көзқарасын жандандыру, білім алушылар мен педагогтарды бірлескен қоғамдық маңызы бар кәсіптік бағдар беру қызметіне тарту, балаларды қосымша біліммен қамту.
Форум келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
1. «Мен ….. мамандығын таңдаймын» – таңдалған мамандықтар бойынша презентациялар байқауы.
2. «Менің кәсібім – менің бизнесім» – бизнес-жобалар байқауы.
3. «Жас мобилограф» – бейнероликтер мен бейнесюжеттер байқауы (қашықтан).
Ережеге сәйкес 26 ақпанда аталған форумның қалалық кезеңі өткізіліп, 25 өтінім берілді, оның ішінде 6 оқушы облыстық кезеңге өтті. 15 наурызда облыстық кезең өткізілді, қорытындысы бойынша қаламыздың үш оқушысы жүлделі орындарға ие болды: «Мен мамандықты таңдаймын» номинациясы бойынша – 2 орын Жиренбаева Ясмин, Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы және 3 орын Бұрахан Динара, С. Асфендияров атындағы ЖББМ оқушысы, «Менің кәсібім – менің бизнесім» номинациясы бойынша 3 орын – Вдовиченко Олег, Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы. 1-2 орын алған оқушылардың жұмыстары байқаудың республикалық кезеңіне жіберіледі.
Шахтинск қаласының білім бөлімі балаларды және олардың жетекшілерін жеңістерімен құттықтайды, шығармашылық табыс, Ясминге республикалық кезеңде сәттілік тілейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shahtinsk/press/news/details/961595?lang=kk

Жауап қалдыру