Әйтеке би ауданы Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ЖАҢА ҚҰРАМДА

Ағымдағы жылдың 26 наруыз күні Әйтеке би аудандық мәслихатының төрағасы Б.Д.Сейлхановтың төрағалығымен Әйтеке би ауданы Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті.

Күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды:

1. Аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасын сайлау;

2. Қоғамдық кеңес туралы ережені бекіту;

3. Қоғамдық кеңестің комиссиясын бекіту туралы.

Аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы болып, Әйтеке би аудандық отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Смагулова Раушангүл Смағұлқызы сайланды. 

Отырыста аудандық Қоғамдық кеңестің мүшелері кеңес жұмысын жандандыру, аудан тұрғындары тарапынан көтеріліп жүрген мәселелерді кеңес отырысында уақытылы қарап, жергілікті атқарушы органға ұсыныстарын жеткізу, қоғамдық ұйымдардың рөлін арттыру мәселелеріне байланысты өз ой пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын жеткізіп, кеңес мүшелерімен бірге талқылайтындығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aytekebi/press/news/details/963179?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді