
Мұғалжар ауылында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтілді. Мерекеге ауыл тұрғындары көптеп жиналды. “Қош келдің, әз Наурыз!” атты мерекелік концерт қойылып, мекемелер дастархан дайындап жиналған жұртшылаққа әкелген ұлттық тағамдарын ұсынды. Ұлттық ойындар гір көтеру, қол күрес ойындары ойнатылып, жастар жүлделі орындарға ие болды. Ауыл әкімі Әлімжан Өмірсерікұлы құттықтау лебізін білдіріп, мекеме қызметкерлерін және ұлттық ойындарда жүлдеге ие болғандар азаматтарды алғыс хатпен марапаттап сыйлықтар табыстады. Қариялар ақ баталарын беріп, тілектерін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-mugalzhar-mugalzhar/press/news/details/962567?lang=kk

Жауап қалдыру