
Бүгін Көкмайса саябағында «Almaty Clean & Green» қалалық экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті. 600-ден астам белсенді қала тұрғыны бірігіп, айналаны тазалап, қаламызды жасыл желекке бөлеуге өз үлестерін қосты. Іс-шара барысында 500 алма ағашы отырғызылып, аумақ тазаланды.
Акцияға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нүсіпова Әсем Бекқызы, сондай-ақ Білім басқармасы, Қоғамдық денсаулық басқармасы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Еңбек инспекциясы департаменті және Жетісу ауданы әкімі аппаратының ұжымдары қатысты.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Стамбеков Ерлан Дәулетұлына ерекше алғысымызды білдіреміз. Ол акцияға белсене қатысып қана қоймай, отырғызу үшін ағаш көшеттерін де сыйға тартты.
Сенбілікке Жетісу ауданы ардагерлер кеңесі, Комьюнити орталықтары, сондай-ақ «Шыңға өрлеу», «Тең қоғам», «Бақытты отбасы» әлеуметтік жобалары, Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары, жастар және бей-жай қарамайтын тұрғындар белсене қатысты.
Іс-шараға атсалысқан әрбір жанға алғысымызды білдіреміз! Бірге біз Жетісу ауданын және бүкіл Алматыны таза, жайлы және көркем етеміз

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-zhetysu/press/news/details/962313?lang=kk

Жауап қалдыру