
2025 жылдың 18 наурызында Алматы облысы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес Ішкі саясат, Дін істері, Білім, Денсаулық сақтау, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшыларының, «Алматы облысы бойынша Азаматтық Альянс» ЗТБ төрағасы және бейнережимде аудандар мен Қонаев, Алатау қалаларының әкімдерінің орынбасарларының қатысуымен кеңес өткізілді.
Күн тәртібінде «ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді уақытылы ұсыну» туралы, аталған облыстық басқармалардың үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі жұмыстары туралы және 2025 жылға бекітілген Үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар немесе мемлекеттік гранттарға арналған жоспарларын ұсыну бойынша мәселелермен кеңес мүшелерінің ұсыныстары қаралды.
Жиын қортындысына сәйкес шешім шығарылып, орындау үшін құзырлы мекемелерге жолданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-sayasat/press/news/details/962637?lang=kk

Жауап қалдыру