Ақмола облысында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін атап өтуге арналған көптеген игі шаралар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін атап өтуге арналған көптеген игі шаралар өтті. Облыстық ассамблея жанындағы Аналар кеңесінің бастамашылығымен ұлттық дәстүрімізді дәріптеген ерекше шара – 1600 кимешек киген аналардың шеруі өтіп, республика бойынша жаңа рекорд орнатылды.

Көкшетау қаласындағы орталық алаңда өткен басты салтанатты шарада облыстық этномәдени бірлестіктердің және Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен ұлттық нақышта безендірілген киіз үйде ұлттық дастархан мен этномәдени бірлестіктердің ұлттық тағамдар көрмесі өтті. Сонымен қатар этнос өкілдерінің шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін көрсетті.

Қонақтарды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Г.Кәрімова, облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі С.Кенжебаев, Достық үйінің басшысы Қ.Шақшақов қарсы алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-uvp/press/news/details/963298?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді