
Бүгін, Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мерекесіне орай Ақтау қаласындағы “Амфитеатр” алаңында ҚР эстрада әншілерінің қатысуымен концерт өтті.
Мерекелік кеште Тамара Асар, Айгүл Елшібева, Жұбаныш Жексенұлы, Алишер Каримов, Ақылбек Жеменей, Ғаділбек Жаңай, Дастан Оразбеков, Балжан Бидаш сынды әншілер өнер көрсетті.
«Құрметті маңғыстаулықтар, ақтаулықтар! Баршаңызды құшақтадым. Жаңа жыл құтты болсын», – деді әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Тамара Асар.
Кеш соңында жиналғандар мерекелік отшашу тамашалап, концерттен алған әсерімен бөлісті.
«Концерт керемет өтуде. Жақсы әсердеміз», – деді қала тұрғыны.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/962796?lang=kk

Жауап қалдыру