
Ағымдағы жылдың 26 наурызында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің ғимаратында “Ашық есік күні” акциясы өткізілді.
Іс-шара Нотариаттық палата, Адвокаттар алқасы, заң консультанттары палатасы, облыстың жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы өкілдерінің қатысуымен өткізілді.
Іс-шараның мақсаты- халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсету.
Іс- шара барысында азаматтарға неке қию және бұзу, мемлекеттен әлеуметтік көмек алу, мәмілелерді куәландыру, алимент өндіру және т.б сұрақтар бойынша кеңестер берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/963437?lang=kk

Жауап қалдыру