Аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кестеге сәйкес Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғали азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдауын өткізді.  

Кездесу барысында тұрғын үй мәселелеріне қатысты екі азаматтың өтініші қаралды. Аудан әкімі қолданыстағы заңнама аясында түсініктеме беріп, қолданыстағы тұрғын үй және әлеуметтік бағдарламалар арқылы осы проблемаларды шешудің мүмкін жолдарын ұсынды.

Сонымен қатар, қабылдауда тендерлік міндеттемелерді қайтару және жер қойнауын пайдалану мәселелері де талқыланды. Бұл мәселелер бойынша жүгінген азаматтарға заң аясында түсініктемелер мен әрі қарай әрекет ету бойынша ұсыныстар берілді.

Целиноград ауданы әкімінің қабылдауына алдын-ала 8-71651-30509 телефоны бойынша жазылуға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/962893?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді