
⚜️«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Құрық ауылына қарасты, Қарақия станциясы елді мекеніндегі жаңадан салынған саябаққа 80 – ге жуық жеміс ағаштары мен ива, ирга және қаратал көшеттері отырғызылды.
⚜️Өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған шараға аудан әкімі, әкім орынбасары, аппарат басшысы, ауыл әкімі, мемлекеттік қызметшілер және ауыл тұрғындары қатысты.
⚜️Саябаққа егілген ағаштар жергілікті жерді жерсінген көшеттер. Сонымен қатар саябаққа суару жүйесі тартылып, күтіп ұстауға жауапты тұлғалар бекітілді.
⚜️Шара соңында тұрғындар ризашылығын жеткізіп, мәуелі баққа айналуына тілектестік білдірді.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/962577?lang=kk

Жауап қалдыру