АУЫЛ ШАРУАЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімінің орынбасары Қайрат Арғымбаевтың төрағалығымен ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерді талқылау мақсатында шаруа қожалықтарының иелерімен жиын өтті.

Кездесуге Несиелендіру департаментінің бас маманы Нұржігіт Мәукенов, Аграрлық несие корпорациясының өкілі Нұрлан Әлімбаев, Ауыл шаруашылығы басқармасының өкілі Әсел Бақытқызы, сондай-ақ «ҚазАгроҚаржы» АҚ өкілі Әділет Нуралиев қатысты.

Жиынды ашқан Қайрат Рахымбайұлы қатысушыларға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар туралы жан-жақты баяндап, ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған бағдарламалар мен субсидиялау тетіктеріне тоқталды.

Жиында қаржы ұйымдарының өкілдері шаруаларға жеңілдетілген несие беру мүмкіндіктері, екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландыру көздері, сондай-ақ «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның ауыл шаруашылығы техникасын лизингке беру шарттары жөнінде толық ақпарат берді.

Кездесу барысында шаруа қожалықтарының иелері көкейдегі сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты жауаптар алды. Мамандар өз кезегінде шаруаларды барынша қолдауға дайын екендерін жеткізіп, қаржыландыру тетіктеріне қатысты кеңестер ұсынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-merke/press/news/details/963514?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді