
2025 жылғы 20 наурызда «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бірінші орынбасары М.Қасымовтың төрағалығымен кеңес өткізілді.
Кеңеске Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Қаратөбе ауданының полиция бөлімінің жеке құрамы қатысты.
Күн тәртібінде қызметкерлер арасында «Заң мен тәртіп» қағидаттарын сақтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу мәселелері болды.
Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының Тұжырымдамасына ерекше назар аударылды.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі ретінде атап өтті. Осыған байланысты адалдық пен парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру қажеттілігіне, сондай-ақ осы саладағы түсіндіру іс-шараларының маңыздылығына баса назар аударылды.
Кеңеске қатысушыларға сыбайлас жемқорлық қылмыстық жауапкершілікке, жұмыстан босатуға және мемлекеттік органдарда жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айыруға әкеп соқтыратынын еске салды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бұл әркімнің міндеті, ал өз еліне қызмет ету адал әрі жауапты болуға тиіс екенін атап өтті.
Департамент сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты нығайту бойынша жүйелі жұмыстың маңыздылығын атап өтіп, осындай кездесулерді тұрақты негізде өткізеді.
#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП
#ЗАҢменТӘРТІП
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-bko/press/news/details/963127?lang=kk

Жауап қалдыру