Департамент басшысы Тасқала ауданында азаматтарды қабылдау жүргізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 20 наурызы күні департамент басшысы З.Гумарова арнайы іссапармен Тасқала ауданында болды.

Іссапар барысында білім беру ұйымдары басшыларымен кездесу өткізілді. Кездесуде мемлекеттік бақылау шараларының қорытындылары, білім сапасын арттыру мәселелері, білім беру ұйымдарында балаларға жайлы орта құру, педагогикалық әдеп мәселелері талқыланды. Департамент басшысы педагогтар тарапынан түске сұрақтарға жауап берді.

Кездесуге ұзақ жылдар Тасқала аудандық білім беру бөлімін басқарған ардагер-ұстаз К.М.Шапикова қатысып, білім беру ұйымдары басшыларына жұмыстың сапасын арттыруға қатысты өз ұсыныс, пікірін білдірді.

Сондай-ақ, З.Гумарова жеке мәселелер бойынша аудан педагогтарын қабылдау өткізді.

З.Гумарова ауданның білім беру ұйымдарын аралап, олардың жай күйімен танысты. Білім беру ұйымдарын аралау кезінде педагогтармен де жүздесіп, олардың сұрақтарына жауап берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-zko/press/news/details/962956?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді