Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай төтенше жағдайлардың алдын алу

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ақсуат ауданының білім бөлімінің жоспарына сай, Көктүбек мектеп – бөбекжай – балабақша кешені” КММ – де 1 наурыз Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Абай облысы Ақсуат ауданы #11 Өрт сөндіру бөліміне бір күндік саяхат сабақ ұйымдастырылды. Жылжымалы саяхат сабаққа 8-9-10-11 сынып оқушылары тартылды. Саяхат сабағы барысында # 11 өрт сөндіру бөлімінің бір күндік тұрмыс-тіршілігі таныстырылды . Әскери өрт сөндіру бөлімінде тұрған өрт сөндіру машиналар т.б өрте қарсы құралдар көрсетіліп, арнайы өртке қарсы киімдерді оқушылар киіп көріп қызықтады.Оқушылардың бір күндік саяхат сабақтан алған әсерлері жоғары болды.
Ұйымдастырушылар: АӘТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы К. Калиханов
Кәсіби бағдар беруші педагог Г.Нугыманова

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/963650?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді