Грек-рим күресі: 3 палуанымыз Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан күрестен Азия чемпионатында 3 отандасымыз жартылай финалда жолдама алып үлгерді.

Грек-рим күресінен Әсет Сұлтанұлының (63 кг) ізін жалғап, Шамиль Ожаев (87 кг) пен Әлімхан Сыздықов (130 кг) ақтық сынға бір табан жақындай түсті.

Шамиль әлем чемпионы (U20) Асан Жанышевтан (Қырғызстан) жеңісті соңғы секундтарда жұлып алды. Әлімхан Әли Талиб Әл-Шариидың (Ирак) осал тұсын тапты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/962487?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді