#Иә! Біз туберкулезді жеңе аламыз: міндеттенеміз, инвестиция саламыз, әрекет етеміз

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Айлықты өткізу барысында # Иә! Біз туберкулезді жеңе аламыз: міндеттенеміз, инвестиция саламыз, әрекет етеміз», Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай Қарағанды бөлімшелік санитариялық–эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Шет ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК Ақадыр станциясының ауылдық ауруханасының ШЖҚ КМК фтизиатрия және салауатты өмір салты бөлімінің өкілдерімен бірлесіп, Ақадыр станциясының теміржол вокзалының қызметкерлерінің арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстар жүргізді. Клиниканы, емдеуді, туберкулездің алдын алу мәселелерін түсіндіре отырып, ақпараттық семинар ұйымдастырылды; қатысушылардың назарына көлік қызметкерлерінің арасында туберкулезбен сырқаттанушылық бойынша статистикалық деректер жеткізілді.      

Семинар соңында қатысушылар арасында пікір алмасып, жадынамалар, лифлеттер таратылды. Барлық қойылған сұрақтарға мазмұнды жауаптар берілді.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/963066?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді